Пробация қызметкерлерімен кездесу өтті

Пробация қызметкерлерімен кездесу өтті

11.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Бүгін Қызылорда қалалық пробация үйінде  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты пробация инспекторларына әдістемелік көмек көрсету.

Кездесу барысында бөлім прокуроры Дана Ахылбекова мен инспектор Әділет Құлманжанов  пробация қызметкерлеріне орталықтандырылған автоматтандырылған деректер базасында сотталғандардың мәліметтерінің енгізілуі бойынша  сабақ өткізіп, әдістемелік көмек көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.