Пробация қызметкерлері игі іс жасады

Пробация қызметкерлері игі іс жасады

04.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару мақсатында 1992 жылы БҰҰ  Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні » деп жариялаған.

Осы күнге орай Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері  игі іс жасады. Пробация есебінде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға азық- түлікпен көмек көрсетті.

«Халқымызда Қайырымдылық жасасаңқайырын өзің көресің», – деген нақыл сөз бар. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру.  Қайырымдылық жасау үшін  бай болудың қажеті жоқ, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Пробация инспекторлары нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді»,

– деді аудандық пробация қызметінің бөлімше  бастығы әділет майоры Манарбек Искаков.