Пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектермен тренинг өтті

Пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектермен тренинг өтті

20.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қызылорда қалалық пробация үйінде  пробация есебінде тұратын кәмелет жасқа толмаған жас жеткіншектермен психологиялық тренинг өтті.

Пробация қызметінің инспектор-психологы әділет капитаны Г. Жылкаманованың ұйымдастыруымен өткізілген шараға Жас жеткіншектерді бейімдеу орталығының мамандары қатысты. Тренинг барысында орталықтың педагог психологы А.Примжанова есептегі жас жеткіншектермен «Менің болашағым», «Менің отбасым» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығуларын өткізіп, әрбір адамның заман талабына сай тұлға болып қалыптасуы , арман- мақсатына жетуі өзіне байланысты екендігін айтты.

Тренинг жаттығуларына кәмелетке толмаған жеткіншектер қызығушылықпен қатысты. Өз ойларын ортаға салды.Соңында олар бір-біріне жақсы тілек айтты.