Пробация есебіндегі  азаматтар тарихи- өлкетану музейіне барды

Пробация есебіндегі азаматтар тарихи- өлкетану музейіне барды

09.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Арал аудандық пробация қызметі мен «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігі есептегі 30 –ға жуық сотталғанды аудандық тарихи- өлкетану музейіне алып барды.

Олар музей қорындағы оң мыңнан аса баға жетпес дүниелердің тарихымен танысты. Тамыры тереңде жатқан, небір құнды жәдігерлер сақталған музей 6 көрме залынан тұрады.

Музейдің ғылыми қызметкері  есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып,археология, этнография, өнер мен әдебиет, өлке тарихы, Тәуелсіздік залы және  Арал қаласының тарихынан сыр шертетін  залдарды аралап,  артына өшпес мұра қалдырған өлкемізде өмір сүрген би-шешендер,батырлар өнер иелері туралы мол мағұлмат берді.

Экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттармен жақын танысқан сотталған азаматтар музей қызметкеріне ризашылықтарын білдірді.