Пробация есебіндегі азаматтарға дәрі-дәрмек таратылды

Пробация есебіндегі азаматтарға дәрі-дәрмек таратылды

09.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Қармақшы аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресустық орталығымен, қоғамдық бірлестіктермен, ерікті жастармен бірлесіп, сотталғандарды әлеуметтендіру бағытында жұмыстар атқаруда.

Бұл жолы аудандық пробация қызметі, «Демеу» еріктілер тобымен бірлесіп, пробация есебіндегі бес отбасыға көмек көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін дәрі-дәрмек, бетперде және антисептик құралдарын таратты. Бұл дәрілердің арасында ыстықты түсіретін, аурумен күресетін және иммунитетті көтеретін дәрілер де бар.

Шара аясында пробация есебіндегі азаматтарға қауіпті індеттен сақтану жолдары  түсіндіріліп,  азаматтарға адам көп жиналатын жерлерге бармау, медициналық маска тағып, оны ауыстырып отыру қажет екендігіні айтылды.

Бұған дейін де аудандағы ерікті жастардың көмегімен есептегі азаматтарға азық- түлік себеттері мен бетперде таратылған болатын.

Қайырымдылық көмек көрсеткен пробация инспекторлары мен ерікті жастарға риза болған есептегі азаматтар, алғысын айтты.