Пробация есебіндегі азамат сертификат алды

Пробация есебіндегі азамат сертификат алды

17.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Жастық шақта жаңылысып, жаза басқан азаматтар қоғамда аз емес.

Арал аудандық пробация есебінде тұратын У есімді азамат жаза басып, есірткі бабымен сотталып, жазасын темір торда өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, 2017 жылы аудандық пробация есебіне алынады. Бостандыққа шыққан азаматтарды жұмыспен қамту қазіргі қоғам алдында тұрған үлкен мәселе. Қазіргі таңда бұл азамат «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алды. Енді жеке кәсіп ашуды қолға алған.Жаңадан бастаған кәсіпті қолдау  мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  қайтарымсыз грант алу үшін қажетті құжаттарды тапсырды.

«Комиссия шешімімен бизнес-жоспарым мақұлданып,  мемлекеттен қайтарымсыз грант берілсе, мал шаруашылығымен айналыссам деп отырмын. Мал басын көбейтіп,оны күтіп- бағып, кәсібімді дөңгелетіп, аудан халқын жұмыспен қамтамасыз етсем деген арманым бар»,

– деді есептегі азамат.