Пробация есебіндегі 4 сотталғанға ескерту жасалды

Пробация есебіндегі 4 сотталғанға ескерту жасалды

03.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық  тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу мақсатында республика аумағында          2020 жылғы 26 қазан- 1қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел –алдын алу іс –шарасы өтті.

Шара барысында Қызылорда қалалық пробация қызметі,облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлерімен, жергілікті полиция қызметінің полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация есебінде тұратын азаматтарды мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Құқықтық тәртіп» іс-шараның жеті күндік нәтижесінде 300-ге жуық пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жүргізіп, қайта қылмыстың алдын алу, болдырмау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 4 сотталғанға сот үкімімен белгіленген міндеттерді орындамаған үшін ескерту жасалды.