Полиция қызметкерлері жолда тұрып қалған әйелге көмектесті

Полиция қызметкерлері жолда тұрып қалған әйелге көмектесті

23.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкенттік полицейлер көлік тізгіндеген азаматшаға көмек көрсетті.

Кешкі уақытта жанармайы жетіспегендіктен жол ортасында қалып қойған азаматшаға Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жәрдемге келді. Полицейлер көлікке жанармай құйып, азаматшаның діттеген жеріне жетуіне көмектесті. Өз кезегінде жүргізуші қиын сәтте көмек қолын созған полицейлерге алғысын айтты.
«Тосыннан көлігім тоқтап қалып жол ортасында қалып қойғаныма алаңдап тұрған сәтімде, полиция қызметкерлері көмекке келді. Қыз баласы болғандықтан мұндай мәселелерге аса назар аудармаймыз. Сіздерге үлкен рахмет»
– деді, Шымкент қаласының тұрғыны.