Полиция қызметкерлері жоғалған баланы тауып алды

Полиция қызметкерлері жоғалған баланы тауып алды

23.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Ағымдағы жылы 22 қазан күні сағат шамамен 17:00-де Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «102» сымтетігі арқылы Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында ұлы белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы туралы шағымданған. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шақырту орнына дер кезінде жетіп, мән-жайды анықтап әкімшілік аумақты аралау барысында балақайды аман-есен тауып, үйіне жеткізді.