Полицейские Шымкента

Полицейские Шымкента

25.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы Шымкент қаласының тұрғынының хабарламасы келіп түскен. Азаматша өз арызында құны 100 мың теңге тұратын ұялы байланыс телефонын белгісіз жағдайда таксиде қалдырып кеткенін көрсеткен.

Жедел тергеу тобы аталған аумақта жүргізген шұғыл шаралардың нәтижесінде азаматшаның байланыс телефонын тауып берді. Шымкент қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысына алғыс білдірді.

Ағымдағы жылы 24 қыркүйек күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері түнгі мезгілде кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында арнайы бағыттарға бөлініп рейдтік іс-шаралар атқарды.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар көп шоғырланатын орындарда мақсатты рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлерімен түнгі уақытта (23:00-ден 06:00-ге дейін) тұрғын үйден тыс жерлерде қадағалаусыз жүрген 6 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.