Полицейлер такси жүргізушісіне көмек көрсетті

Полицейлер такси жүргізушісіне көмек көрсетті

19.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Абайсызда арыққа автокөлігінің доңғалағы түсіп кеткен такси жүргізушісіне тәртіп сақшылары көмек көрсетті.

Оқиға 17 қараша күні таңғы сағат 04:40 шамасында Желтоқсан көшесінің бойында орын алған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкі 3 рота 784 автоэкипажының қызметкерлері полиция лейненанты Нұрлыбек Аребаев және полиция капитаны Байбатыр Нұрислам қызмет атқару барысында жол жиегіне шығып қалған автокөлікті көріп, жедел түрде көмек көрсетеді.

Яғни көліктің алдыңғы доңғалағын арықтан шығару үшін автокөлікті көтеріп, қозғауға әрекет жасайды. Қос тәртіп сақшысы бірлесе көлікті жылжытып, жол бойына шығарып береді. Жалғыз өзінің шамасы жетпей біраз әбігерленген жүргізуші полицейлерге алғыс айтып, сапарын жалғастырды.