ПАРТИЯ ІШІЛІК ІРІКТЕУ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.

ПАРТИЯ ІШІЛІК ІРІКТЕУ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.

16.08.2020 0 Автор mseditor
Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, 17 тамыз күні бастау алатын Праймериз бойынша төрт аудандық филиалдың дайындық жұмыстармен танысты.

Праймериздің мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Праймериз онлайн және офлайн электронды форматта жүргізілетін болады.

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов әр ауданға жеке – жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Анықталған бірқатар кемшіліктерді алға тартылып, филиал төрағаларына және бірінші орынбасарларға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар кандидаттарды тіркеу орындарында басты назарға алды. Праймериз электронды форматта жүргізілетін болғандықтан керекті құрылғылар мен сапалы интернетпен жабдықталуды ұйғарды.