Отбасындағы қысымның психологиялық зардабы

Отбасындағы қысымның психологиялық зардабы

03.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Отбасында зорлық-зомбылық көрсету адамның жеке тұлғалық ерекшелігіне байланысты.

Адамның ішкі күйіне, психологияға тәуелді әрекет. Отбасылық қысым көрсететіндердің 80-90 пайызы өзі кішкентайынан ұрыс-керісті көріп өскендер болып келеді. Бұл санада сақталғанды, бейсана арқылы іске асыру.
Қазіргі статистика бойынша, әйелдердің 50 пайыздан жоғары бөлігі үйде тұрмыстық зорлық-зомбылық көреді. Бірақ бәрін біле, түсіне тұра ары қарай ештеңені өзгертпей бірге өмір сүруді жалғастырады. Әр адамның өмір сүру бағдарламасы өзінше құрылған. Мида адамның қуаныш сезімін, бақытты күйін сақтап қалатын А5 деген бөлік бар, ол эндорфин гормонын бөліп тұрады. Мидағы эндорфин екі түрде бөлінеді мысалы, баланы мадақтап, арқасынан сипап, мақтау сөз айтсаңыз эндорфин қуаныш гормонына айналады. Егер бала күніге таяқ жеп, зәбір көрсе, эндорфин балаға көмек беру үшін бөлінеді. Осыдан кейбір балалар таяқ жемесе тұра алмайтынға айналуы мүмкін. Отбасында зорлық-зомбылық көретіндер де осы категорияға жатады. Қанша таяқ жеп, көзі көгеріп жатса да көндігіп жүре береді. Өйткені олар эндорфинді осылай алып отыр. Мұны саналы түрде түсіну қиындау әрине. Себебі аталған процесс бейсанада жүреді. Барлығын ауырсыну сезімімен байланыстырады. Мұны бейсаналы түрде орындайды. Тәуелділік пайда болып, кейіннен әдетке айналып кетеді. Зәбір көрушінің бұл жағдайдан шығу жолы, өзінің өмір сүру қағидасын саналы түрде ұғынып өзгерту арқылы жүреді. Ал қол жұмсайтын адамға айтарым, өзіңізбен жұмыс жасаңыз өзіңізді өзгертіңіз, мамандарға жүгініңіз дегім келеді.
-Тәжірибемде кездескен клиенттің оқиғасымен бөлісейін деп шештім. Әрине аты жөні айтылмайды. Бір күні әйел адам хабарласты, 6 жастағы ұлым төсекке жіберіп қоятынды шығарды, бұрын ондайы жоқ еді, медицина жағынан барлығы жақсы дейді, сіз психолог мамансыз ғой сізден көмек сұрап келіп отырмын деді.
– Клиент келіншекпен сөйлесіп отырып, ештеңе жасырмауды сұрадым. Сонда айтылғаны отбасында ұрыс жанжал көбірек болып, жолдасынан зәбір көретіні, арасында ұрып соғатыны жайлы айтылды. Мән жайды түсініп, барлық мәселе сіздердің ұрыс-керістеріңізді, ұрып соғуларды көріп өсіп жатқан баланың психикасында әкесіне деген қорқынышы, физикалық тұрғыдан кері әсерін тигізіп төсекке жіберіп қою арқылы білдіріп жатқанын түсіндіруге тырыстым. Егер дер кезінде баланың жағдайын қолға алмаса, салдары үйреншікті ауруға әкеліп соқтыратынан айттым. Әйел адам көзіне жас алып, барлығын түсінгендей болды. Маған келгендегі сұрағыңызға жауап алған болсаңыз, соңғы шешімді өзіңіз қабылдау керек екеніңізді ұмытпаңыз деп жібергенім бар.
Мұнымен айтайын дегенім, отбасындағы жанжалдардын физикалық қана емес, психикалық тұрғыдан да зардаптары қатты екенін алға тартқым келеді.
– Тағы бір клиеттің оқиғасы: Бұл отбасында үлкен баласы туылғаннан, яғни отбасылы болған күннен бастап тұңғышы 3-4 жасқа келгенше бала әке-шешесінің ұрыс-жанжалын көріп өсіп келеді, анасының айтуы бойынша баласы балабақшаға барған кезде “папам мамам қатты ұрысады деп” жылайды екен, мұны естіген тәрбиешісі анасымен сөйлесіп психолог маманға баруын кеңес беріпті, маған келген клиент келіншек осылай деп әңгімесін жалғастырды.
– Ата-ана ретінде жылулықты емес, керісінше балалық шағын ұрлап жатқандарыңызды, “Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” демекші, сіздер не істесеңіздер бала өскенде соны істейтінін, қатты эмоция (ашу-ыза) кезінде өзіңізді тоқтата алуыңызды, ерік-жігерді қолға алу керек екен барынша түсіндіруге тырыстым.
Жеке тұлға болып қалыптастанда көп жағдайдағы теріс іс-әрекеттердің көріністері балалық шақтан бейсана арқылы сақталып келеді. Клиенттің өзі өз отбасының тыныштығын сақтауға әрекет жасамаса, маманның айтқан сөздері зая кетеді. Қандай да бір оң нәтижеге қол жеткізу үшін, адам ең бірінші өзімен жұмыс жасау керек, өзін жеңу керек.
Тағы бір клиеттің оқиғасы: Бұл отбасында жағдай мүлдем басқаша, ерлі-зайыптының ара-қатынасының ұрыс-керісіне “әйеліне, балаларына аз көңіл бөлетін, бос уақытының көп бөлігін сыртта немесе жұмыста өткізетін” отбасы жайлы болды. Біліп отырған боларсыздар, біздің полиция қызметкерлерінің әйелдерінің шағымына ұқсап келеді… Себебі біздің қызметкерлер уақытының көп бөлігін жұмыста өткізеді, ол шындық. Полиция қызметкеріне айтарым, уақытыңызды тиімді пайдалану үшін күнделікті жоспар құрып отырыңыз, сіздің қызметіңіз ауыр және жауапкершілігі жоғары екенін білемін, алайда отбасыңызға көңіл бөлуді, әйел мен балаларыңызға жылы сөз айтуды ұмытпаңыз! Егер отбасында тыныштық орнамаса, жұмыстың да алға басуы екі талай. Ал полиция қызметкерінің әйелдеріне сабырлық танытуды және түсіністікпен қарай білуді үйреніңіз, жолдасыңызға сөзіңізді тыңдатқызып, көңіл бөлгенін қаласаңыз жан-жақты болыңыз, өзіңізді дамытыңыз, жан-дүниеңізді әдемілеңіз дегім келеді!
Елімізде жыл сайын 25 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін «Зорлық-зомбылыққа қарсы – 16 күн» акциясы жүргізіледі.
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық көретіндердің нақты санын болжау қиын. Өйткені олар арнайы органға тіркелмейді. Елді-мекендерде мұндай мысалдар көп. Күйеуі соққыға жықса, ертесі бетіне күліп қарап отыра беретін әйелдер бар. Мұны психология кешірмейді, ішкі мүжілудің кері әсері бар екенін алға тартқым келеді. Ол үйдегі балаларға әсер етеді. Егер әйел жүкті болса тіпті қауіпті, соққының салдары әйел мен бала денсаулығына кері әсер етеді. Жүкті әйел оқиға салдарынан ой тұңғиығына түсіп, іштей қиналса, баланың мүгедек болып туу ықтималдығы жоғары болады.
Отбасындағы әрбір жеке тұлға өзіне тиісті жауапкершілікті сезінсе, бір-біріне деген сый-құрметті ұмытпаса, рухани моральдық құндылықты жоғары қойса кез-келген отбасында тыныштық болатынына сенімдімін!