ОПМ «Қарасора-2020»

ОПМ «Қарасора-2020»

17.08.2020 0 Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 3 тамыз күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында, өз үйінің жертөлесінде «гидропоника» әдісімен, яғни жасанды ортада өсінділерге жағдай жасау арқылы құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қыш құмыраларда заңсыз егіп өсіріп жатқан 43 жастағы мүгедектігі бар жергілікті тұрғын құрықталды.

Куәгерлердің қатысуымен аталған азаматтың үйінен айғақты зат ретінде 19 дана есірткі затына ұқсас өсімдіктер тәркіленіп алынды.
Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер құрамында есірткі заттары бар «қарасора» тұқымына жататын есірткі өсімдіктері екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Көрсетілген азаматқа қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылды.


3 августа текущего года сотрудниками Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции г.Шымкент в ходе проведения оперативно-профилактического мероприятия «Қарасора-2020», проводимого на республиканском уровне, был задержан 43-летний местный житель с инвалидностью, который незаконно выращивал в подвале своего дома в керамических горшках запрещенные к выращиванию наркосодержащие растения, методом «гидропоники», т.е. путем создания условий для роста в искусственной среде.

В присутствии свидетелей в качестве вещественного доказательства изъяты 19 штук растений, похожие на наркотические вещества.
Согласно заключению эксперта, изъятые растения являются наркотическими растениями «конопля».
Данный факт зарегистрирован в Едином реестре досудебных расследований по части 2 статьи 300 УК Республики Казахстан (Незаконное культивирование запрещенных к возделыванию растений, содержащих наркотические вещества).
В отношении указанного гражданина применена мера пресечения «подписка о невыезде и надлежащем поведении».

 

Источник: Пресс-служба Департамента полиции города Шымкент.