Онлайн сот отырыстары тергеу мекемесі қызметкерлерінің жауапкершіліктерін арттырып отыр

Онлайн сот отырыстары тергеу мекемесі қызметкерлерінің жауапкершіліктерін арттырып отыр

24.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Бүгінгі таңда қоғамның барлық саласындағы жұмыстар онлайн жүйесі арқылы  жұмыс істеп жатқанын білеміз.

Сол қоғамның бір бөлігі ретінде, ҚАЖ саласындағы жұмыстарға да осы өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтар болсақ, ЗК-169/1 мекемесіндегі сот отырыстары онлайн жүйесіне байланысты   мүмкіндігінше қашықтықтан қарау әдістері арқылы  цифырлы жүйенің көмегімен  жүзеге асуда. Ең бастысы, GOVID -19  инфекциясының  алдын алу үшін, мекеме қамауындағы күдікті және айыпталушыларға короновирус инфекциясын  жұқтырмау қаупін сақтау мақсатында,барлық сот отырыстары  «TrueConf» « Zoom» «  Skype» арқылы өтілуде.

Мекеменің Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет капитаны Сембаева Фаризаның айтуынша, тергеу изоляторында күніне кем дегенде 20-ға жуық онлайн сот отырысы боладыЯғни, бұндай сот отырысының өтуі  біздің бөлім қызметкерлерінің жауапкершіліктерін екі есеге арттырып отыр. Өйткенібөлім қызметкерлері қашықтықтан болатын сотпроцестеріне мекеме қамауында отырған күдікті, айыпталушы сотталған азаматтардың сот отырысының  тиісті дәрежеде  өтілуіне тікелей жауапты болып табылады. Бөлім қызметкерлері әділет сержанттары Б.Қазбеков пен С.Төлепбергенова, Н.Менбаевалардың тегеурінді жұмыстарының нәтижесінде іске асып отыр. Олар  мекеме қамауында отырған күдікті, айыпталушы сотталған азаматтардың тиісті құжаттарын тиянақты түрде дайындап, тіркеп, бір уақытта толық қамтамасыз етілуін қадағалайды.

Сонымен қатар, аудандардан да келген сот тағайындауларын уақтылы қосуды да қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі уақытта мекенің  арнайы ғимаратынан бөлінген бірнеше бөлмелерге ноутбугтар қойылған. Олардың дер кезінде уақтылы ешқандай техникалық ақаусыз жұмыс істеуіне жауапты қызметкер ретінде РжКБ-нің әділет сержанты Ерғалиев Жасұлан бекітілген. Күдіктілер мен айыпталушыларды сот отырысы өтетін бөлмеге  бақылаушы қызметкерлер айдауылдап әкеліп, жіті қадағалап  тұрады .

 Осылайша онлайн арқылы тергеу мекемесіндегі сотқа қатысушылар төтенше жағдай тәртібін бұзбай, сот отырысына еш шығынсыз әрі қиындықсыз қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.