Оқшауланған аймақтағы сотталғандарды оңалту шаралары

Оқшауланған аймақтағы сотталғандарды оңалту шаралары

26.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Ересек адам, оның ішінде қылмыскерлерді тәрбиелеу-күрделі жұмыс.

Әсіресе, ҚР Қылмыстық атқару кодескінің 92-бабы 7-тармақшасына сәйкесмекеменің оқшауланған аймағында ұсталушы сотталғандармен жұмыс жасау қиынырақ. Осы сотталған азаматтармен ЗК-169/1 мекемесінің теологтары, психологтары, яғни тәрбие бөлімі қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарып келеді.

Жұмыла көтерілген жүк жеңіл демекші,  осы орайда мекеме психологы, әділет аға лейтенанты А.Мырзалы мен жасақ бастығы Е.Қожақметов оқшауланған аймақтағы 7 сотталғанмен тренинг өткізді. Бұл жолғы жұмыс ерекше әдісте өтті. Ол-практикалық психологияда заманауи тренд болып отырған НЛП әдісі деп аталады.

«Нейролингвистикалық психология, сотталған азаматтардың қабылдау жүйесін анықтайды. Тест форматында өтілген бұл тренинг 48 сұрақтан тұрады. Сұрақтарға жауап алу  арқылы көру, есту сезім мүшелерінің  қайсысының қабылдау қабілеті жақсырақ дамығанын байқаймыз»,

-деді мекеме психологы А. Мырзалы.

«Міне, осындай психологиялық тест нәтижелеріне қарай, алдағы уақытта сотталғандарды түзу жолға бейімдеу мақсатында әртүрлі тәрбие жұмыстарынатқарып отырамыз. Жалпы алғанда, бұндай оңалту шараларының қылмыскерлердің өз қателігіне өкініп, дұрыс бағытты таңдауына ықпалы өте зор»,

– деді жасақ бастығы әділет лейтенанты Е.Қожақметов.

Сотталғандарға тренинг барысында режиссер Ақан Сатаевтің  «Анаға апарар жол» фильмі көрсетілді. Бұл фильм олардың бойында отан сүйгіштік сезімдерін оятып, туған жерге,отбасына деген жылы сезімдерін арттырғаны анық.