Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сотталған адамды қоғамнан оқашаулаумен байланысты емес

Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сотталған адамды қоғамнан оқашаулаумен байланысты емес

06.01.2021 Выкл. Автор mseditor

2020 жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза түрінен 21 сотталған азамат  өткен.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасотталған адамның жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз қоғамдық жұмыстарды орындауынан тұрады.

Яғни, 2020 жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінен 9 сотталған қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын толық өтеп болуына байланысты есептен шығарылса, ал 1 сотталғанның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі 50 тәулік мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленуіне байланысты есептен шығарылған.