Қоғамдық жұмысқа тарту- түзеудің бір түрі

Қоғамдық жұмысқа тарту- түзеудің бір түрі

05.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінде 61 сотталған азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, құқықбұзушылыққа барған бұл азаматтар жыл бойына Алматы ауданы әкімдігі белгілеп берген аумақтарда көше тазалау, ағаш түптерін әктеу, саябақтарды көгалдандыру, бағаналарды сырлау және ұсақ жөндеу жұмыстары секілді т.б. қоғамдық жұмыстарды атқарды.

«Өткен жылы қоғамдық жұмысқа тартылған 61 сотталған азаматтың 33-і есірткі сақтау бабымен жазаға тартылғандар. Қалғандары мас күйінде көлік жүргізгендер, ұсақ ұрлық жасағандар және билік өкілін қорлау бабымен сотталғандар.Олардың ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарғандары болған жоқ. Аталған құқықбұзушылық жасаған заматтарды қоғамдық жұмысқа тарта отырып, пробация инспекторлары әлеуметтік- құқықтық жұмыстарды жүргізді. Осы ретте бұл азаматтарды қайта қателікке бой алдырмайды деп сенеміз»

– дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет аға лейтенанты Айғаным Алмағамбетова.