Қоғам мен құқық қорғаушылар бұрынғы аудан әкіміне қарсы, оның себебі неде және кімге тиімді?

Қоғам мен құқық қорғаушылар бұрынғы аудан әкіміне қарсы, оның себебі неде және кімге тиімді?

17.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Адвокат Мұрат Жолшиев “Дайджест Казақстан” редакциясымен байланысқа шығып, өте ұзақ уақыт созылып келе жатқан және барлық процессуалдық нормаларды бұзған іс бойынша журналистік тергеу жүргізуді сұрады,САҚШЫ INFO Дайджест Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Осы оқиғаны түсінуге тырысайық және кімнің дұрыс, ал кімнің дұрыс емес екенін түсінейік.

Мұрат Жолшиев бұл іс бойынша барлық ақпаратты беріп, ҚР Президенті мен басқа да органдарға жеке өзі жүгінді.

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсы мен «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесі басшыларының әрекетсіздігіне дау айту жайлы. ( ҚР ҚПК-нің 292-ші бабы талабымен).

«Түркістан облысының  еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  05 қараша 2019-шы жылғы № 23 санды нұсқамасын орындамау және менің 17 тамыз 2020-шы жылғы шағымыма жауап бермеу азаматтық ісі бойынша

Құрметті төрайымдық етуші, қатысушылар осы азаматтық іс бойынша сот талқылауы өз мәресіне жетті.

ҚР АПК-нің 217-ші бабының талаптарына сүйене отырып, осы сот отырысы талқылауында анықталған мән-жайларға , сондай-ақ сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге сүйене отырып мәлімдеймін:

ҚР АПК-нің 72-ші бабының талаптарына сай : «Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде  сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғаныс құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жердемдесуге бағытталған дәлелдемелер мен дәлелдемелерге  қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс.» Біріншіден, біз өзіміздің 26 қыркүйек 2020-шы жылғы 4 парақтық арызымызда, 11 қазан 2020-шы жылғы 3 парақтық және осы күнгі тағы да 3 парақтық дәлелдемелерді қамтамасыз ету жайлы өтінішхаттарымзбен, 04 қараша күнгі өтінішхаттарымызбен, өз арызымызда көрсетілген уәждерді толығымен дәлелдедік деп есептеймін. Екіншіден,  3-ші тұлға-«Түркістан облысының  еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесі  өкілі біздің арызды толығымен қуаттап, Еңбек инспекторы Бабашевтің нұсқамасы мен тексеру актісінде Н.Полатовтың эколог мамандығы жөніндегі дипломы бар бола тұра, басшы болуға сай арнайы мамандықпен 3 жылдың еңбек өьтілі түгілі, ол кезде 1 жылдық та еңбек өтілі болмағанын, қазіргі уақытқа дейін де 3 жылдық еңбек өтілі жоқ екендігін көрсетті. Үшіншіден, жауапкерлердің еңбек инспекциясы нұсқамасын орындамағандығы  біздің арызға тіркелегн,  05 қараша 2019-шы жылғы № 23 санды Нұсқамасымен, сол күнгі тексеру қорытындысы бойынша актімен де толығымен дәлелденеді;

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Нұсқама мен тексеру актісі заңды кұшінде. Жауапкерлер оларға тиісті  шағым түсірмеген.

Неліктен осы нұсқаманың тура бір жылдан бері орындалмай жүргені А.Абдихадировтың облыс әкімі Ө.Шукеевтің туған куйеу баласы болуынан да мүмкін шығар?

Төртіншіден, біздің арыз іс материалдарына тіркелген, Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 15 мамыр 2020-шы жылғы № 5114-20-00-3/767 санды қаулысымен , Еңбек иснпекциясының нұсқамасын орындамағаны үшін  2-ші жауапкерге ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабымен  айыппұл салуымен де толық дәлелденеді.

Аталған сот қаулысы заңды күшінде. Бұл қаулыға да жауапкер тиісті түрде шағымданбаған.

Бесіншіден, сот отырысытарында сұралған жауапкер «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Қ. Пилаловтың өзі де, біздің арызбен келісетіндігін,  Түркістан филиалы басшысы Н.Полатов еңбекке жарамсыз болып жүргендігін, жұмысқа түскен күні қызметтік лауазымынан босатылатындығын мәлімдеді.

Алтыншыдан, 04 қараша 2020-шы жылғы сот отырысында сұралған жауапкер «Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсы» өкілі Жорабаев мырза да, бірінші жауапкер мекеме басшысы Қ.Пилаловтың сөзін қуаттап,. Н.Полатов мырза еңбекке жарамсыз болып жүргендігін, жұмысқа түскен күні қызметтік лауазымынан босатылатындығын мәлімдеді.

Жетіншіден, 04 қараша 2020-шы жылғы сот отырысында сұралған жауапкер «Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсы» екінші  өкілі Каштанова ханым да Жорабаев мырзаның сөзін толығымен қуаттады;

Сегізіншіден, А.Абдихадиров пен Н.Полатовтардың ықпалдары күшті екендігін, олар өздерінің Н.Додабаевтың маған бірінші берген сенімхаттарының күшін жойғандығымен көрсетіп беріп отыр. Бұл жайтты  04 қараша 2020-шы жылғы сот отырыснда олардың өкілі Еркін Кахаров да сот отырысында растап, Н.Додабаевтың маған алғашқы 03.10.2020-шы жылы берген сенімхатының күші жойылғандығын мәлімдеді.

Алайда олар Н.Додабаевтың маған  10.08.2020-шы жылы екінші мәрте сенімхат бергенінен бейхабар екен.

Түркістан қалалық полиция басқармасында Н.Додабаевтың арызы бойынша куәге жалған жауап беруге мәжбүрлеу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 422 бабымен тергеу амалдары жүргізілуде;

Тоғызыншыдан, А.Абдихадиров пен Н.Полатовтар білікті маман болса, онда неліктен Түркістан облысы Отырар аудандық полиция басқармасында тергеуші С.Тлеуқабылдың өндірісінде маған сенім білдірген арызданушылар Шалдаров Аблайхан мен Әлібек Абжаппарлардың арызы бойынша Шәуілдір орман шаруашылығының аға инспекторы Серік Дәуренбековтің үстінен  ормандарды жою және зақымдау деректері бойынша ҚР ҚК-нің 341-ші бабымен қозғалған № 20514803100164 санды қылмыстық ісі тергелуде?

Сондай ақ, онда неліктен Түркістан облысы Отырар аудандық полиция басқармасында анықтаушы Әбзейтов Өмірбектің өндірісінде маған сенім білдірген арызданушылар Шалдаров Аблайхан мен Әлібек Абжаппарлардың арызы бойыншаШәуілдір орман шаруашылығының аға инспекторы Серік Дәуренбековтің үстінен  ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу деректері бойынша деректері бойынша ҚР ҚК-нің 340-ші бабымен қозғалған № 20514803100164 санды қылмыстық ісі тергелуде?

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Оныншыдан, Түркістан облысы Отырар аудандық полиция басқармасында тергеуші С.Тлеуқабылдың өндірісінде маған сенім білдірген арызданушы Н.Төрехановтың арызы бойынша Шәуілдір орман шаруашылығының аға инспекторы Серік Дауренбековтің үстінен, куәні жалған айғақтар беруі мақсатында параға сатып алу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 422-ші бабымен қылмыстық іс деректері бойынша № 20514803100171 санды қылмыстық ісі тергелуде.

А.Абдихадировтың Н.Додабаевтың жауабын өзгерткеніндей,  соның айтуымен С.Дауренбеков қылмыс жасап отыр деп есептейміз.

Он біріншіден, неліктен Түркістан облысының еңбек инспекциясының, Түркістан облысының соттарының, Түркістан облысының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департаментінің , 2 жылдан аса арнайы  еңбек өтілі бар А.Абдихадиров басшы қызметке тағайындала тұра, еңбек инспекциясы нұсқамасын орындамай жүргендігі, қол астындағы қызметкерлеріне бірнеше мәрте қылмыстық істер қозғалса да, Шәуілдір орман шаруашылығында бір емес 4 мәрте өрт деректері орын алса да,  Шәуілдір орман шаруашылығында  мыңға жуық ағаштар заңсыз кесілсе де,  Түркістан облысының табиғат қорғау инспекциясы мен Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң А.Абдихадиров басқарып отырған мекемеге біз бір жылға жақын уақыт түрлі құзырлы органдарға , тіпті ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа арыздансақ та,  Республикалық КТК телеарнасында арнайы жаңалықтарда сөз сөйлесек те, тісі батпай отырғандығын оның Түркістан облысы әкімі Ө.Шукеевтің туған куйеу баласы болуымен байланыстырамыз.

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Сондықтан еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінуге мәжбүр болып отырмыз.

«Түркістан облысының  еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  05 қараша 2019-шы жылы «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесі  басшысына  ҚР  еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы № БЖ-23 санды 2 бөлімнен тұратын  нұсқама берген.

Тексеру барысында Абдихадиров Ақыл Каналовичтің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында заң талабына сәйкес білімі, біліктіліггі туралы арнайы білімі немесе кәсіптік даярлдығының болуы туралы құжаты болмаса да «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің «Боралдай филиалынан, филиал директоры-мемлекеттік инспекторы лауазымына, бас директордың орынбасары лауазымына тағайындалғандығы анықталды. Нәтижесінде жұмыс беруші тарапынан Кодекстің 32 бабының 1 тармағының 3 тармақшасының талабы бұзылған.»

Жұмыс беруші тарапынан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрінің 25.12.2015 жылғы № 1017 бұйрығымен бекітілген Қағмданың 1 бөлігі 4 тармақшасының, осы Кағиданың 2 бөлігі 8 тармақшасының талаптары, ҚР Ауыл  шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 120 бұйрығының 3 бөлімі 1 тарауының 2 параграфының  80 бөлігінің  талабы бұзылған Жұмыс беруші  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласы бойынша білімі, біліктілігі туралы арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаты жоқ маманды жоғарыда атап көрсетілген лауазымдарға тағайындаған. Абдихадиров Ақыл Каналовичтің «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейінгі еңбек өтілі , 06.01.2014 жылдан 24.04.2018 жылға дейін 3 жыл 4 ай 4 күнді құрағанмен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласы бойынша арнайы білімі немесе кәсіптік  даярлығы туралы құжаты жоқ. Алайда, А.К.Абдихадиров еңбек  шарты жасалып жоғарыда аталған лауазымдарға жұмысқа қабылданған.

Заңға сәйкестендірілсін делінген.

А.К.Абдихадировты жұмысқа қою және босату Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсының құзыретінде.

Талапкердің айтуы бойынша А.К.Абдихадиров Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеевтің туған қарындасының күйеуі болғандықтан ғана, еңбек өтілі келмесе де осы лауазымға тағайындалған.

Тексеру барысында, Полтов Нұржан Салыхановичтің, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында заң талабына сәйкес  білімі, біліктілігі туралы  арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаты болмаса да «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-ніңт  «Боралдай филиалының» ыилиал  директоры болып жұмысқа қабылданғандығы және «Түркістан филиалының» директоры-мемлекеттік инспекторы болып тағайындалғандығы анықталды. Нәтижесінде жұмыс беруші тарапынан Кодекстің 32 бабының1 тармағының 3 тармақшасының талабы бұзылған.

Сонымен қатар, жұмыс беруші тарапынан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрінің 25.12.2015 жылғы № 1017 бұйрығымен бекітілген Қағмданың 1 бөлігі 4 тармақшасының, осы Кағиданың 2 бөлігі 8 тармақшасының талаптары, ҚР Ауыл  шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 120 бұйрығының 3 бөлімі 1 тарауының 2 параграфының  80 бөлігінің  талабы бұзылған.

Орман шаруашылығы және жануарлар  дүниесі саласы бойынша  атқарып келген лауазымдарына қабылданғанға дейін, білімі, біліктілігі туралы, арнайы  білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаты жоқ, еңбек өтілі аталған салаға тиісті заң талаптарына сәйкес келмейді.

Н.Полатовтың сол кезде эколог дипломы болғанымен, еңбек өтілі  тіпті болмаған, қазіргі кезге дейін, онда осы лауазымға сәйкес келу үшін 3 жылдың еңбек өтілі жоқ.

Сондықтан, Полатов Нұржан  Салханович, атқарып отырған лауазымынан босатылуға жатады. Заңға сйкестендірілсін.

Осы нұсқаманың берілгеніне 9 айдай уақыт өтсе де, «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесі  басшылығы мекеменің басшысы орынбасары Абдихадиров Ақыл Каналовичті және филиал директоры  Н.С.Полатовтарды қызметтік лауазымдарынан босатпай отыр.

Тіпті «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-і басшылары «Түркістан облысының  еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің нұсқаманы орындамағндығы жайлы Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына шағымданып, ол жайлы Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 15 мамыр 2020-шы жылғы қаулысы шықса да, НҰСҚАМАНЫ орындамай отыр.

Оның себебі А.К.Абдихадировтың Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің туған куйеу баласы болуымен, ал Н.С.Полатовтың Созақ ауданының әкімі Полатов Салханның баласы болуынан , болуы мүмкін деп есептейміз.

Осындай үлкен тіреуі болмаса ол азаматтар ешқандай да біліктілігі, арнайы кәсіптік даярлығы болмай, осындай басшы лауазымдарға тағайындала алар ма еді.

Арнайы мамандықтары болып, талай жыл қызмет атқарып келе жатқан азаматтар, осы саладан жұмыс таба алмай келеді.

ХАЛЫҚ арасындағы әлеуметтік наразылықтар, басшылардың, өз туыстарын осындай көрінеу заң талаптарын аяққа баса отырып басшы лауазымдарға тағайындауы және Еңбек инспекциясының және әкімшілік соттың шешімдерін орындамауынан пайда болады.

Еңбек инспекциясы  нұсқамасын орындатып, жауап берулеріңізді сұранып 17 тамыз 2020-шы жылы электронды порталмен жауапкерлер Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсы мен «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесі басшыларына, тіпті Қазақстан Республикасы Президенті атына шағым жолдадық.

Алайда жауапкерлер Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсы мен «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесі басшылары менің ол шағымыма осы уақытқа дейін жауап бермеді және «Түркістан облысының  еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  05 қараша 2019-шы жылғы № 23 санды нұсқамасын осы уақытқа дейін орындамады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 8-бабына сай әрбір адам өзінің бұзылған немесе даулы құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы, яғни әр адам өзінің құқығын қорғау үшін өзі сотқа жүгінуге міндетті.

ҚР АПК-нің 292-ші бабының талаптарына сай: 1. Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органның, ұйымның, лауазымды адамның, комиссиялардың немесе омбудсменнің өтінішті қарауы заңда белгіленген жағдайларда азаматтың және заңды тұлғаның арызы сотқа жүгінудің осындай тәртібі сақталғаннан кейін беріледі.

Жеке қолданыстағы құқықтық актінің заңға сәйкессіздігіне, сондай-ақ, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның әрекеттеріне наразылықты заңсыз актіні шығарған немесе заңсыз әрекеттерді жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамай тастаған жағдайда прокурор актіні, іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.

ҚР АПК-нің 293-ші бабының талаптарына сай ; Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтуға жататын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) нәтижесінде:

1) азаматтың құқықтары мен бостандықтары және заңды тұлғаның заңды мүдделерi бұзылған;

2) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның заңды мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған;

3) азаматқа немесе заңды тұлғаға қандай да бiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдері мен әрекеттері (әрекетсiздiгі) жатады.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы»2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңының 4-ші бабының талаптарына сай талаптарына сай:  , Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау керек.

Яғни бірінші Конституция, Заңдар, одан кейін нормативтік құқықтық актілерлердің заңдық күші бар. Кейінгілеріндегі актілерде алғашқыларымен қарама қайшылықтар болса, онда  алғашқы сатыдағы актілердің заңдық күші болады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

8-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

Осы Кодекс:

1) еңбек қатынастарын;

2) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты;

3) әлеуметтік әріптестік;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

Осы Кодекстің күші, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жұмыскерлерге және жұмыс берушілерге, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.

Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.

193-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарға кедергісіз баруға;

2) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыруға;

3) жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;

4) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;

195-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы төмендегідей актілер шығарады (жасайды):

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;

жарақаттану қаупі бар және авариялық ахуалдардың туындауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы;

жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама.

198-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған кезде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде  Еңбеек кодексінің талаптарына сай жұмыс беруші  Еңбек инспекторының нұсқамасын талқылауға, оның келісім комиссиясында қарауға ешқандай да  құзыреті жоқ, олар еңбек инспекторының нұсқамасын міндетті түрде орындауы тиіс еді, егер келіспейтін болса, онда Еңбек кодексінің 198-ші бабының талаптарына сай, сотқа не жоғары тұрған органға шағымдануы тиіс еді.

Жоғарыдағылар негізінде және ҚР АПК-нің 292,293-ші бабтарын басшылыққа ала отырып,-

С Ұ Р А Н А М Ы Н:

Жауапкерлер Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсы мен «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің «Түркістан облысының  еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  05 қараша 2019-шы жылғы № 23 санды нұсқамасын орындамау және менің 17 тамыз 2020-шы жылғы шағымыма жауап бермеу әрекетсіздіктеріне дау айта отырып, жауапкерлерді «Түркістан облысының  еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  05 қараша 2019-шы жылғы № 23 санды нұсқамасын орындап, «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысының орынбасары Абдихадиров Ақыл Каналовичті және «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің Түркістан филиалының басшысы Полатов Нұржан  Салхановичтерді атқарып отырған қызметтік лауазымдарынан босатуды міндеттеуді.

Жауапкерлер Түркістан облысының табиғи реусрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамсы мен «Сырдария-Туркестан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің басшыларының Қазақстан Республикасыныі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы талаптарын өрескел бұзып, арыз иесіне жауап бермеген деректері бойынша олардың жоғары тұрған органдарына жеке ұйғарым шығарып жолдауды

Сот шығындарын жауапкерлерден арызданушы Н.Додабаев пайдасына өндіруді;

Адвокат Мұрат Жолшиев біздің “Дайджест Қазақстан” редакциясына хабарласқаннан кейін, біз журналистік тергеуді бастаймыз.

Бүкіл сот процесі барысында біз оқырмандарымызға өте толық ақпарат беріп, осы күрделі істің себебін анықтап, түсінуге тырысамыз.