Мерзімінен бұрын босату

Мерзімінен бұрын босату

10.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қостанай облысы бойынша Арқалық қаласының пробация қызметі.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 162 бабының 1 тармағына сәйкес, мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы мәселені қарау үшін сотқа өтініш беру құқығының туындағаны туралы Арқалық қалалық пробация қызметінде есепте тұратын сотталғандарға жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы уақытында хабардар етіп отырады.

Атап айтатын болсақ Арқалық қалалық пробация қызметінің есебінде бас бостандығын шектеу жазасы бойынша тұратын сотталған М. Арқалық қалалық сотына пробация қызметі арқылы өтінішхат жолдады. Осы бағытта видео-онлайн арқылы сот отырысы өткізілді. Арқалық қалалық сотының қаулысымен соттаған М. өтінішхатын қанағаттандырып, жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 3 ай 7 күнін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатты.