Мекемеде «Қақпа алдында кездесу» шарасы өтті

Мекемеде «Қақпа алдында кездесу» шарасы өтті

22.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында ЗК-169/4 мекемесінен А есімді сотталғанды шығарып салу шарасы өтті.

Бұл іс-шараның негізі міндеті, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматты жұмысқа және тұрмыстық орналастыру болып табылады.  Шараға жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен пробация қызметкрелері шақырылды.

Осы кездесу нәтижесінде, босатылушы сотталғанға айтарлықтай  көмек көрсетілді. Алдымен, бұл азаматқа босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.  Одан соң, босатылған соң  жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, азаматтардың еркін жүріп-тұруына шектеу қойылғандығы  және короновирустық инфекциясының жұғуының алдын алу мақсатында да,сақ жүруі туралы да ескертілді.

Кездесу аяқталған соң,босатылушы сотталған азамат, мекеме қызметкерлерінің айдалуымен тұрғылықты мекен жайына жеткізіліп,туған –туыстарына табысталды.