Мекеме ұжымы өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетті

Мекеме ұжымы өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетті

16.12.2020 Выкл. Автор mseditor

«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні” мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері қаражат жинап, қайырымдылық шарасын өткізді.

Қызылорда қаласындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған мекемедегі азаматтарға қажетті ортақ тұтынатын тұрмыстық заттар алып барды.

«Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Мекеме ұжымының бірлігінің арқасында Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған мекемедегі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсеттік. Осы мекемедегі туған- туыстарымен байланысы, үй- күйі жоқ азаматтар мекеме ұжымына алғысын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр»,

– деді ЗК-169/4 мекемесінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Д.Ералиев.