Мекеме қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуден сабақ өтті

Мекеме қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуден сабақ өтті

09.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуде қолданылатын әдістер туралы сабақ өтті.

Қызылорда жоғарғы медицина колледжінің оқытушылары алғашқы медициналық көмек көрсетудің түрлерімен таныстырып, базалық деңгейдегі практикалық сабақтар жүргізді. Мұндай алғашқы медициналық көмек көрсету тергеудегі айыпталушылар мен сотталғандардың өмірін алып қалу барысында, талып қалу, ауа жетіспеушіліктің алдын алу кезінде ең қажетті алғашқы көрсетілетін көмек болып табылады.  Алғашқы медициналық көмек  неғұрлым тез көрсетілсе,  зардап шегушінің одан кейінгі жағдайына, өмірін сақтап қалуына шешуші әсер етуі мүмкін.

«Түзеу мекемелерінде сотталғандар арасында өлім жағдайының алдын алу және болдырмау мақсатында өткізілген сабаққа 20 қызметкер қатысты. Екі күнге созылған сабақ барысында мекеме қызметкерлері медициналық көмек көрсетуде қолданылатын әдістерді меңгерді »,

деді Сотталғандар арасында медициналық қамтамасыз ету тобының санитар дәрігері әділет аға лейтенанты Меруерт Шайымбетова.