Мекеме қызметкерлері қан тапсырды

Мекеме қызметкерлері қан тапсырды

15.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Бүгін, Қызылорда облыстық қан орталығы ашық есік күнін жариялады.

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің басшысы Руслан Айтуғанұлы бастаған бірқатар қызметкерлер алғашқылардың бірі болып қан тапсырды.

“Қан тапсыруды үздіксіз үрдіске айналдырған әріптестеріміз жетерлік. Өзім де 2000 жылдан бастап мұқтаж жандарға қан беруді әдетке айналдырғанмын. Бір адамның берген 450мл қаны, өлім аузындағы үш адамның өмірін сақтап қалуы  мүмкін екенінескерсек, қаншама науқас жанның  өміріне үміт сыйлаймыз. Ендеше осындай  игі істі неге дәстүрге айналдырмасқа. Халыққа қызмет ету азаматтық борышымыз”,

деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Думан Махсұтұлы.

“Қан тапсырудың адамды ынталандыратын әсері бар екені ғылыми түрде дәлелдеген, яғни, донорлар – өте белсенді және өмірге құштар жандар. Соңғы зерттеулерге сенсек, донорларда жүректің ишемиялық аурулары сирек болады“,

дейді дәрігер.

Ол қан тапсыру әскерилерге, құтқарушылар мен күзетші секілді қауіпті қызметтерге өте пайдалыекенін айтады. Себебі донорлар қансырауға төзімді болып келеді. Мысалы, донор мен ешқашан қан тапсырмаған адам бірдей жарақаттанса, біріншісінің аман қалатын мүмкіндігі көбірек.

“Донор болсаңыз, біреудің де, өз өміріңізді де құтқарып қалуыңыз ықтимал. Себебі сіздің денсаулығыңызды донор орталығынан артық ешкімтегін қарап бермейді“,

деп қорытындылады дәрігер.