КЕЗЕКШІЛІКТЕН ШЫҚҚАН ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ НЕГЕ ҚАРАП ТҰРА АЛМАДЫ?

КЕЗЕКШІЛІКТЕН ШЫҚҚАН ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ НЕГЕ ҚАРАП ТҰРА АЛМАДЫ?

13.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні сағат 10:04 шамасында Шымкент қаласы Арғынбеков және С.Бәйтереков көшелерінің қиылысында бағдаршам істен шығады.

Салдарынан әп-сәтте көлік кептелесі туындаған. Осы сәтте үйіне қайтып бара жатқан Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкері еш ойланбастан, көлігінен түсіп, жол қозғалысын реттеуге кіріседі.
Айта кетейік, Алдаберген Мылтықбай түнгі кезекшіліктен шыққан болатын. Дегенмен, мамандығы алдында адалдық танытқан аталмыш қызметкердің жол қозғалысын реттеуінен кейін көлік ағыны жиі көше қиылыстарындағы жағдай бір қалыпқа түскен. Ұзын-сонар көлік кезегінің орын алғанына бей-жай қарамай, керісінше автокөлік тізгіндеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі жол көлік апатының алдын алған тәртіп сақшысы – Патрульдік полиция полкінің 12 рота қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Алдаберген Мылтықбайдың іс-әрекеті көптің ішін жылтты.
Ол ауа райының қолайсыз, жауын-шашынды болуына қарамастан, аталмыш мекенжайға кезекшіліктегі әріптесі келгенше қызмет көрсеткен. Айта кетейік Алдаберген Керімбайұлы 2012 жылдан бастап Ішкі істер органында қызмет атқарып келеді. Осыған дейін де бірнеше рет мінсіз қызметі үшін басшы құрам тарапынан марапатталып, алғысқа бөленген.