КАРАНТИНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ДЕМАЛЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

КАРАНТИНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ДЕМАЛЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

25.07.2020 0 Автор mseditor
Дайджест КазахстанАғымдағы жылдың 20 шілде күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс- шараларын жүргізді, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.
Шара барысында карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізген демалыс орнын анықтады. Нәтижесінде Нұртас мөлтек ауданы, Нұртас көшесінің бойында орналасқан «Ақ сарай» демалыс орнының банкет залында мерекелік іс-шара өтіп жатқаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша демалыс орнының иесінен түсініктеме алынған.
ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 802-бап 2 бөлігін (құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар) негізге ала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.