Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар

26.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қылмыстың алдын-алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі.

Сондықтан да ҚР Президентінің 1995 жылдың маусымының 14 жұлдызында шыққан, «жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» қаулысының негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс. Өйткені, құқықтық тәрбие жастар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптар құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сезіндіреді, олардың өздерін дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік туғызады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе.
Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында.
2020 жылдың 10 ай көлемінде Департамент тарапынан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қабылданды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жылы «Жасөспірім» іс-шарасының 2-кезеңі, «Түнгі қаладағы балалар» және «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Сонымен қатар, мүдделі орган өкілдерінің қатысуымен түнгі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылдың 10 ай көлемінде түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болған 58 жасөспірім, ал түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 2 мың 832 жасөспірім анықталды.
Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 259 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Құқық бұзушылыққа бейім 234 жасөспірім және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын 112 ата-ана Ішкі істер органының есебіне қойылды.
Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар – 17,2 пайызға төмендеді.
Жасөспірімдерді қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, интернет желілерін дұрыс қолданбау, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеу, т.б.
Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуда маңызды болып саналатын тәрбиелік сипаттағы шаралар.
Қылмыстық заңда кәмлетке толмағандарға арналған арнайы бөлімінің болуы бұл еліміздің қылмыстық заңының жоғары даму деңгейін көрсетіп отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықпен күресу – қылмыспен күресудің басты бағыттарының бірі.