Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге көмек көрсетілді

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге көмек көрсетілді

24.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық пробация қызметінің есебіндегі жасөспірімге жомарт жан С есімді азамат  қайырымдылық көмек көрсетті.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге қайырымды жан азық-түлік өнімдерімен бірге киім- кешек те алып берді.

«Пробация есебіндегі жасөспірімдермен жиі психологиялық тренингтер, сұхбаттар жүргізіп, рухани жағынан тәрбиелеп, бағыт- бағдар береміз. Қазіргі таңда пробация есебінде 5 жасөспірім есепте тұр. Олардың жас шамалары да әр түрлі, кәмелет жасқа толмағандар. Ерікті азаматтардың, Қоғамдық қорлардың қолдауымен қайырымдылық көмекті жиі ұйымдастырамыз. Көбінесе азық-түлікпен, киім –кешек әпереміз. Жаңа оқу жылы басталғанда оқу құралдарымен қамтамасыз еттік. Бүгін, қайырымды азаматтың қолдауымен жаңа жылға бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен киімдер алып келдік »,

– деді пробация қызметінің ювенал тобының инспекторы әділет капитаны  Индира Даутбаева.

« Қателік жасап, сот үкімімен 2020 жылдың  қазан айында пробация есебіне алындым. Ақмешіт колледжінің 2 курс студентімін. Пробация қызметкерлері, психологтар  әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп жатыр.  Мереке қарсаңында  қол ұшын созып, қайырымды көмек көрсеткен пробация қызметкерлері мен  жомарт жанға алғысым шексіз»,

– деді есептегі жасөспірім.