Із-түссіз жоғалған балаларды шымкенттік полицейлер аман-есен тапты

Із-түссіз жоғалған балаларды шымкенттік полицейлер аман-есен тапты

06.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанШымкентте жоғалып кеткен екі баланы полицейлер дер кезінде тапты, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН және Polisia.kz

4 тамыз күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасының “102” пультіне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің кәмелет жасқа толмаған екі баласының түскі сағат 14:30 шамасында үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлаған. Аталған жерге шұғыл тергеу тобының құрамы және Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесіп іздеу шараларына кірісіп, нәтижесінде екі баланы Күншығыс мөлтек ауданының аумағынан аман-есен тапты. Үйлерінен шыққан соң адасып кеткен жасөспірімдер ешқандай дене-жарақатын алмаған.

Қазіргі таңда екі жасөспірім балалармен арнайы мектеп психологы мен сынып жетекшісі профилактикалық жұмыс жүргізуде. – Балалар өз ортасында достарымен жақсы қарым-қатынаста, ұдайы белсенді, сабақ үлгерімдері орташа деңгейдегі оқушылар, – деп баға берген психолог аталмыш балалармен алдағы уақытта да тиісті жұмыстар атқаратын болады. Балалардың қараусыз және ата-ана назарынан тыс қалуы қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкін. Сондықтан Шымкенттік тәртіп сақшылары түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүру фактісін анықтаса, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық, ал балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтындар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.


Ақпарат көзі: Polisia.kz

 

Двоих пропавших детей нашли полицейские в Шымкенте.

4 августа в дежурную часть Управления полиции Енбекшинского района Департамента полиции города Шымкент поступило сообщение от жителя города о том, что двое несовершеннолетних детей вышли из дома примерно в 14:30 часов и пропали, сообщает ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН со ссылкой на Polisia.kz

В ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий сотрудники Местной полицейской службы и следственно-оперативная группа нашли двоих детей на территории микрорайона Куншыгыс. Заблудившиеся подростки не получили никаких телесных повреждений. В настоящее время психолог школы и классный руководитель проводят профилактическую работу с данными подростками. – Дети хорошо общаются со своими друзьями, постоянно активны, учащиеся среднего уровня успеваемости, – отметил психолог. Оставление детей без присмотра и родительского внимания может закончиться трагическими событиями. Поэтому стражи порядка Шымкента напоминают о привлечении к административной ответственности по статье 442 КоАП Республики Казахстан родителей, дети которых находятся без законных представителей вне жилища после 23:00 часов ночи, и по статье 127 КоАП РК родителей, не исполняющих обязанности по воспитанию детей.


Источник: Polisia.kz