Іле ауданында 5 ауылдық стартап грант иеленді

Іле ауданында 5 ауылдық стартап грант иеленді

04.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест Казахстан

«Болашақ» Әлеуметтік-азаматтық базис» ҚБ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған «Бизнес идеяларды дамыту орталығы» әлеуметтік жобасының қорытындысын шығарды, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.

Жобадағы 25 қатысушысының 5-і өз бизнес-идеяларын одан әрі дамытуға гранттар алды. Жоба 2017 жылдан бастап «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылады және осы уақыт ішінде өз бизнесі туралы армандап, алайда бірқатар себептер бойынша оны бастай алмайтындар үшін нағыз әлеуметтік демеу болды.

«Бизнес идеяларды дамыту орталығы» жобасы аясында жыл сайын байқау негізінде өз бизнесін ашуға ниеті мен идеясы бар 25 қатысушы іріктеледі. 6 ай бойы жоба қатысушылары бизнес-жоспарларды әзірлеу, бизнесті жүргізу, маркетинг және салық салу негіздеріне оқытылады. Ал оқуды аяқтағаннан кейін байқау өткізіледі, онда комиссия мүшелері – Іле ауданы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері өз ісін ашуға қаржылай қолдау көрсету үшін үздік жобаларды таңдайды.

Биыл көптеген қызықты бизнес-идеялардың ішінен комиссия 5 финалистті анықтады. Олар – Темірлан Рақыш «Мал шаруашылығын кеңейту үшін ұсақ қара мал өсіру» жобасымен; Дәрігүл Бекнұсқаева «Тауық өсіру және құс күркесін ұйымдастыру» жобасымен; Карима Нұрғабылова – «Ешкі сүтін өндіру үшін ешкі сатып алу» жобасымен; Бауыржан Сәрсембай – «Велосипедтерді, самокаттар мен электромобильдерді жалға беру пунктін ұйымдастыру» жобасы және Жеңісгүл Дәулетова «Тігін цехына жабдық сатып алу» жобасымен.

Роза Әбілова, «Болашақ әлеуметтік-азаматтық базис» ҚБ құрылтайшысы және негізін қалаушысы: «Жеңімпаздарды таңдаудың негізгі критерийі сапалы презентация, жобаны қорғау және оның тұрақтылығы. Сонымен қатар, грант бөлінгеннен кейін біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсетеміз. Біздің барлық жобаларымыз аудан басшылығы тарапынан қолдау тауып, тұрғындар тарапынан түсіністікке ие болуда».

«Бизнес идеяларды дамыту орталығы» жобасының авторлары жағымды үрдіс ретінде қатысушылар топтары жыл сайын гендерлік, жас және әлеуметтік құрамы бойынша әр түрлі болып келетінін алға тартады. Мысалы, осы жылдың жеңімпаздары арасындағы алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері Дәрігүл Бекнұсқаева атап өтті:

«Жобаның арқасында мен тегін және сапалы білім алып, шағын бизнесті бастауға мүмкіндік алдым. Менің ойымша, біздің жоспарлар мен талпынысымыз болашақта іске асады».

Жобаны ұйымдастырушылар оқуға қатысуға барлық ниет білдірушілер, сонымен қатар, ерекше физикалық қажеттіліктері бар азаматтар да өтініш бере алатындығын атап өтті. Мысалы, байқауға қатысушылардың бірі, мүмкіндігі шектеулі қолөнер шебері оқудан өтіп, байқау финалистерінің арасынан табылды және жақын арада өзінің тігін цехын ашуды жоспарлап отыр. «Маған бұл жобаға қатысу өте ұнады және ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік үшін ризашылығымды білдіремін. Финалистерге сәттілік пен алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін»,- дейді Жеңісгүл Дәулетова.

Жобаның барлық финалистері 400 000 теңге көлемінде гранттар алды, сондай-ақ бизнесті мемлекеттік органдарда тіркеуге және мемлекеттік бағдарламалар есебінен қосымша қаражат тартуға көмек алды.