ИЧ-167/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінен босатылған сотталғанға әлеуметтік көмек көрсетілді

ИЧ-167/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінен босатылған сотталғанға әлеуметтік көмек көрсетілді

11.09.2020 0 Автор mseditor

Қылмыстық-атқару жүйесі саласының негізгі мақсаты – ол сотталғандарды түзеу және олардың бостандыққа шыққан соң қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады. Осы мақсатта, ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді.

 

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Яғни, «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды оңалту мен әлеуметтік бейімдеу орталығының» қызметкерлерімен бірігіп босатылатын сотталғандарды бостандықтағы өмірге дайындау, жұмысқа орналасу мәселелерін шешу, әлеуметтік ортада мінез дағдыларын қайта қалпына келтіру, психологиялық және медициналық көмек көрсету, бостандықта тұрақтайтын мекен-жаймен қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде 09.09.2020 жылы мерзімі бітуімен босатылған сотталған Б.Сейфатов өзінің тұрғылықты мекен-жайы жоқтығы жөніндеәлеуметтік көмекке мұқтаж екені жөнінде мекеме қызметкерлеріне арызбен жүгінген. Осыған байланысты, «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мекемесінің өкілдерімен «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.

Яғни, сотталған Б.Сейфатов оңалту орталығының жатақханасына орналастырылып, психолог мамандарымен психологиялық кеңес көрсетілді