Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!

15.09.2020 0 Автор mseditor

Ішкі істер органында қызмет етуді армандайсыз ба? Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамында болғыңыз келе ме?

 

Олай болса Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы және полицей-жүргізуші  лауазымдары бойынша конкурсқа қатысуға  шақырамыз!

Үміткерлерге қойылатын талаптар: 

1. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының «инспекторына» ниет білдірушілер – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру немесе Қазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы Әскери кафедрасының курстарын аяқтауы. Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда). Құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт мамандықтары болуы қажет.

2. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының «полицей-жүргізуші»  ниет білдірушілер – орта білім, В, В1, С, С1 санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарған болуы тиіс.

Сондай-ақ, үміткерлердің жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см. Және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификатты.

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары: 

– жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;  

– қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;

– сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

– ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

 – арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының ғимаратында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Шымкент қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қатысушыларға құқық қорғау ведомствалық қызметінің бағыттары, сондай-ақ аталған конкурс туралы айтып кетеді. Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері, жалақы деңгейі, қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты барлық ниет білдірушілер ала алады.

Кездесу орны: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі 3.

Барша үміткерлерге сәттілік тілейміз!

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Мечтаете работать в органах внутренних дел? Хотите быть в составе Специального отряда быстрого реагирования (СОБР)

В таком случае приглашаем вас принять участие в конкурсе на должности инспектора и полицейского-водителя Специального отряда быстрого реагирования Департамента полиции г. Шымкент!
В целях разъяснения требования, предъявляемые к кандидатам и по актуальным вопросам граждан 18 сентября 2020 года в здании Управления полиции Аль-Фарабийского района ДП г.Шымкент с 16.00 до 18.00 часов состоится прием граждан сотрудниками Управления кадровой политики ДП г. Шымкент с соблюдением санитарных требований. Все желающие смогут узнать подробную информацию о предстоящем конкурсе и получить ответы на интересующие вопросы.
Место проведения встречи: г. Шымкент, Аль-Фарабийский район, ул. Желтоксан 3.
Также Вы можете обратиться по телефону и направить ваши вопросы по электронной почте, указанные на экране.
Желаем удачи всем кандидатам!