ГЕНЕРАЛ-МАЙОР Ералы ЖУМАХАНБЕТОВТЫҢ FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНА 600-ДЕН АСА САУАЛ МЕН ҰСЫНЫСТАР ЖОЛДАНҒАН

ГЕНЕРАЛ-МАЙОР Ералы ЖУМАХАНБЕТОВТЫҢ FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНА 600-ДЕН АСА САУАЛ МЕН ҰСЫНЫСТАР ЖОЛДАНҒАН

12.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов Facebook әлеуметтік желісінде 2019 жылдың 8 сәуірінде жеке парақшасы ашылды.

Парақшаны ашудағы мақсат технология дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер арқылы тұрғындармен жедел ақпарат алмасу, бірегей диалог алаңын тиімді пайдаланып, халықпен кері байланыс орнату болатын. Парақша ашылғалы бері қала тұрғындар тарапынан 600-ден астам сауал, өтініш пен ұсыныстар келіп, оларға заң аясында тиісті көмек көрсетіліп, ақпараттық кеңестер берілді. Ал парақшаға тіркелушілер саны 5000-ға жуықтады.

Осы аралықта Департамент тарапынан атқарылған жұмысына БАҚ, қоғам белсенділері мен блогерлер және тұрғындардан біршама алғыстар келіп түсті. Оны өздеріңіз де департаменттің ресми парақшаларынан көріп жүрген боларсыздар. Мәселен, Департамент бастығы орын алған қылмыстарды қатаң бақылауына алып, күдікті азаматтардың жауапкершілікке тартылғаны үшін қоғам белсенділері мен блогерлер, атап айтсақ: Дина Тансари, Әсет Әссанди, Айгүл Орынбек сынды бірқатар азаматтар оң пікірлерін білдіріп келеді. Сондай-ақ әрқашан адал әрі ашықтық пен жариялылықты қолдайтын басшы жұмысына ұдайы халық тарапынан жоғары баға берілуде. Департаменттің жеке құрамының қызметкерлері өзіне жүктелген міндетті орындайды. Дегенмен халық тарапынан алғыс айтылып жатса, әрбір қызметкер қайта жігерленіп, үлкен ерлік жасауға ұмтылатын болады. Дана қазақ мұндайда «жақсы сөз жан жадыратады»,- дейді. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов тұрғындармен ашық диалог құруға әрқашан дайын. Департаменттің қызметкерлеріне ерікті түрде көмектесіп, қылмыс санын азайту, құқық бұзушылықтың алдын алуға ат салысып келе жатқан азаматтарға алғыс айтқымыз келеді.