Есірткі заттарын интернет және әлеуметтік желілер арқылы  таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Есірткі заттарын интернет және әлеуметтік желілер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік

21.07.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанАғымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткі заттарын интернет-сайттардың сілтемелерін тарату арқылы насихаттау және өткізу бойынша қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН

Қылмыстық кодексте есірткі заттарын насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін 299-1-бап пайда болды. Ол бойынша жаза үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Егер бұл қылмыс адамдар тобымен, бірнеше рет, білім беру ұйымдарында немесе адамдар көп жиналатын орындарда БАҚ немесе электрондық ақпараттық ресурстарды, қызмет бабын пайдалану арқылы жасалса, жаза 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді.

Одан бөлек, қабылданған заңмен бірқатар қылмыстық баптарға «электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы» саралау белгісі енгізілді. Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.

Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі заттарын сатқаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі заттарын қолдануға тарту 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Есірткі заттарын өндіру үшін пайдаланылатын құралдардың айналымы 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

Уголовная ответственность за распространение наркотических средств через интернет и социальные сети

Дайджест КазахстанС 11 января текущего года вступил в силу изменения уголовного законодательства, связанные с распространением ссылок на интернет-сайты, пропагандирующие и реализующие наркотические средства, сообщает ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН

В Уголовный кодекс введена новая статья 299-1, устанавливающая уголовную ответственность за пропаганду или незаконную рекламу наркотических средств. Наказание по ней предусматривает лишение свободы на срок до трех лет.

В том случае, если это преступление будет совершено группой лиц, неоднократно, в организациях образования или местах массового скопления людей с использованием СМИ или электронных информационных ресурсов, с использованием служебного положения, наказание устанавливается в виде лишения свободы на срок от 3 до 6 лет.

Кроме этого, принятым законом в ряд уголовных статей введен новый квалифицирующий признак «посредством использования электронных информационных ресурсов». Эти преступления отнесены к категории тяжких и особо тяжких преступлений.

Сбыт наркотических средств с использованием электронных информационных ресурсов наказывается лишением свободы от 10 до 15 лет. Вовлечение в употребление наркотических средств посредством электронных ресурсов влечет лишение свободы от 3 до 8 лет. Оборот веществ, использующих для производства наркотических средств, предусматривает лишение свободы от 7 до 10 лет.