Есептегі азаматтармен кездесу өтті

Есептегі азаматтармен кездесу өтті

26.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Шиелі аудандық прокуратурасының прокуроры Бозбаев Елжас  Ғалымұлы аудандық пробация есебінде тұратын азаматтармен кездесті.

Аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында  өткен кездесуге пробация есебіндегі 40 шақты азамат қатысты. Кездесу барысында Елжас Ғалымұлы сотталғандарға жаза өтеу барысында пробация қызметімен белгіленген тәртіппен сот жүктеген міндеттерді сақтауға,  қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермей, ҚР Қылмыстық- атқару, Қылмыстық кодексінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

«Қазіргі таңда аудандық пробация есебінде 83 сотталған есепте тұр. Жыл басынан 13 сотталған сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарғаны үшін, жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығына айыру жазасына ауыстырылып, жазасын түзеу мекемесіне өтеуге жіберілді. Есептегі азаматтармен тоқсан сайын кездесулер өткізіліп, құқықтық профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі»,

– деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеев.