Есептегі азаматтардың қатысуымен Арт-терапия тақырыбында психологиялық  тренинг өтті

Есептегі азаматтардың қатысуымен Арт-терапия тақырыбында психологиялық тренинг өтті

27.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Сырдария аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Pro bono» қоғамдық қорының мамандары аудандық пробация есебінде тұратын азаматтардың қатысуымен «Арт-терапия» тақырыбында психологиялық  тренинг өткізді.

Тренинг жүргізу тәсіліне қарай қатысушыларға қалам мен қағаз ұсынылып, белгілі бір тақырыпта сурет салдыртып, сурет салған сотталғанның жан- дүниесіне баға беріп, оның психологиялық портретін жасады. Керемет көңіл-күй сыйлай білген психологиялық тренингке 10 –ға жуық есептегі азамат қатысып, өз ойларын еркін жеткізуге тырысты.

«Психологтардың айтуынша, аталған терапия арқылы адамның шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық карым-қатынас құзіреттілігі дамиды. Олар қиындықты бір сәтте естен шығарып, өмірге жаңаша оң көзқараспен қарап, ойша жағымды жағдайларды ойлап жүреді. Мұндай терапиялық тренингтер сотты болғандардың ой-санасын өзгертіп, оң мінезді қалыптасуына әсері мол»,

– дейді ұйымдастырушы.