Есептегі азаматтар арасында спорттық шара өтті

Есептегі азаматтар арасында спорттық шара өтті

18.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Жаңақорған аудандық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен сотталған азаматтар арасында қол күрес, асық ату, гір тасын көтеру және арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен спорттық шара өтті.

Есептегі азаматтар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және оларды спортқа баулу мақсатында өткізілген шараға 15-ке жуық есептегі азамат қатысты. Білектің мықтылығын сынайтын спорт түрі қол күреске 10-ға жуық азамат қатысып, күшінің мығымдығы жағынан бір – бірінен асып түсті. Арқан тартудан «Сұнқар», «Қыран», «Тұлпар» командалары сынға түсті. Жастайынан асық атуды жетік меңгерген Б есімді азамат, шеберлік қабілетімен қатысушыларды баса озып, жүлделі І орын алды.

Қызықты да тартысты өткен додада «Сұңқар»  командасы ұпай санымен І орын алса, ІІ, ІІІ орынды «Қыран», «Тұлпар» командасы бөлісті. Қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.