Ерікті жастар пробация есебіндегі сотталғандарға психологиялық тренинг өткізді

Ерікті жастар пробация есебіндегі сотталғандарға психологиялық тренинг өткізді

13.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Сырдария аудандық жастар ресустық орталығында аудандық пробация қызметі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған 18- 29 жас аралығындағы жастармен кездесу өтті.

Кездесу пробация қызметінде есепте тұрған жастар қоғамға бейімделіп, өзін-өзі жоғары бағалауды және өзіне, өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті дамытуға, сондай-ақ психологиялық тұрғыдан анағұрлым ұтқыр болу қабілетін арттыру мақсатында өтті.

Кездесуге аталған санаттағы 10-ға жуық жас қатысып, оларға орталықтың психолог маманы психологиялық жаттығулар жүргізіп, сауалдарына жауап берді.Одан соң осы орталықтың маманы ЖИТС-тің алдын алу бойынша оның пайда болуы, таралуы және белгілері туралы әңгімеледі. Инфекция жұқтырған адамдарда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін, әдетте инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылатындығына, ауру үдеген жағдайда адамның иммунитеті әлсірейтіндігін де атап өтті.

Аурудың қандай қауіпті екенін айтып, АИТВ инфекциясын жұқтыруының алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау деді.
Кездесу барысында есептегі азаматтарға  осы індет жайлы буклет, ақпарат қағазшалары таратылды.