Еңбекші ауданының қызметкерлері балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетті

Еңбекші ауданының қызметкерлері балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетті

30.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының жеке құрамы №4 балалар үйі тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетті.

Қазіргі таңда әлемді әбігерге салған қауіпті індет таралуының алдын-алу мақсатында мекемеге бөгде азаматтардың кіруіне шектеу қойылған. Сондықтан сауапты іске ниет еткен тәртіп сақшылары балаларға карантиндік шектеулерге байланысты аса қажетті санитарлық заттарды және кеңсе тауарларын жеткізіп берді.

Нақтырағы Еңбекші АПБ-ның жеке құрамымен – бір дана түрлі-түсті (цветной) принтер, екі дана кварцовый аппарат, бес жүз бетперде (маска), екі дана термометр, екі дана Wi-Fi құрылғысы мен 15 л антисептик алынған.

Айта өтейік №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтің бастамасымен қамқорлыққа алып, тұрақты түрде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді. Қазіргі уақытта № 4 балалар үйінде 75 бала тәрбиеленіп жатыр. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты 1957 жылы құрылған.