Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жер төледе бір айлық сәбиімен түнеген келіншекті отбасымен қауыштырды

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жер төледе бір айлық сәбиімен түнеген келіншекті отбасымен қауыштырды

12.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жер төледе бір айлық сәбиімен түнеген келіншекті отбасымен қауыштырды Шымкент қаласындағы 17 мөлтек ауданының тұрғындары көп қабатты үйдің жер төлесінде бір келіншектің кішкентай сәбиімен түнеп жүргенін байқап, жедел түрде “102” сымтетігіне хабарласып, мән-жайды түсіндірген.

Өз кезегінде аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасынының қызметкерлері көрсетілген мекен жайға жеткен кезде келіншектің бір айлық сәбимен көп қабатты үйдің жер төлесінде отырғанын анықтаған.
Тәртіп сақшылары азаматша мен сәбиіне көмек көрсету мақсатында полицияға жеткізіп, олардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағандығын анықтау үшін жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылған.
Азаматша тәртіп сақшыларына ешкімге қояр талабы жоқ екенін айтқан. Жүргізілген профлактикалық сұқбаттан соң оны үйіне жеткізіп, отбасымен қауыштырды.