Дінтанушы пробация есебіндегі азаматтармен кездесті

Дінтанушы пробация есебіндегі азаматтармен кездесті

09.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Қармақшы аудандық  пробация қызметі Жастар ресустық орталығымен бірлесіп, пробация есебіндегі азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және экстремизмнің алдын алу мақсатында кездесу өткізді.

«Діни сауаттылық қоғам қауіпсізідігі» тақырыбындағы кездесуге  дінтанушы Ж.Ысқақовпен  есептегі 20 сотталған қатысты.

Кездесу барысында дінтанушы Ж.Ысқақов діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір әр түрлі теріс ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы – қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады деді.

Сонымен қатар дінтанушы  жастарға қоғамдағы теріс пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмауы, діни сауаттылықты арттыруы, діни ғибадаттарды әдепсіздік көрсетіп, әртүрлі жерде орындауға болмайтындығы туралы мағлұматтар берді. Жиын барысында есептегі азаматтар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.