Белгісіз бағытқа шығып кеткен азаматты полиция қызметкерлері аман-есен тауып үйіне қайтарды

Белгісіз бағытқа шығып кеткен азаматты полиция қызметкерлері аман-есен тауып үйіне қайтарды

21.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Ағымдағы жылы 20 қазан күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «102» сымтетігі арқылы Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында 20.10.2020 жылы танертең сағат 10:00 шамасында ұлы белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы туралы шағымданған.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі №37 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бөрібеков Нұржігіт және учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Аманжолов Нұрдәулет шақырту орнына дер кезінде жетіп, мән-жайды анықтап әкімшілік аумақты аралау барысында азаматты аман-есен тауып, үйіне жеткізді.