Бұзақылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылған

Бұзақылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылған

20.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Жаңақорған аудандық пробация қызметінде 2 азамат қоғамдық жұмыс түріндегі  жазасын өтеуде.

Ол азаматтарға сот үкімімен бұзақылық жасағаны үшін  100 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазасы тағайындалған. 2020 жылдың желтоқсан айынан бері аудандық әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді қардан тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр. Күнделікті жергілікті әкімдіктің қызметкерлерімен пробация қызметкерлері бұл азаматтардың қоғамдық жұмысты  уақытылы орындалуын бақылап, тексерумен қатар, жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын  түсіндіреді.

«Қоғамдық  жұмысқа тартылған  2 азаматтың біреуі 100 сағаттың  32 сағатын орындаса,  екіншісі 24 сағатын орындады. Бұл екі азаматта жұмысына тиянақты, уақытылы келіп, көшені қардан тазалау жұмыстарын жасап жүр. 100 сағатты толық орындағаннан кейін, пробация есебінен шығарылады»,

– деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Анарбек Искаков.