ҚАЖ қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

ҚАЖ қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

12.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

2011 жылғы 12 қарашасы- ішкі істер органының қызметкері, Жамбыл облыстық ІІД жол патрульдік полициясы жеке батальонының бірінші взводының командирі болған, полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза болған күн.

Осыған орай, 12.11.2020 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің  жеке құрамына нұсқау сабағы барысында қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың  ерлігі сөз болып, қызметкерлері бейбіт елдің батырын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиын барысында Қызылорда облысы облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М. Нәкенов  Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың өмір жолы, атқарған қызметі, ерлігі туралы құнды деректермен бөлісіп, қызметкерлердің патриоттық сезімін арттырып, антына адал болуға, қызметтік міндеттін абыроймен атқаруға шақырды. Одан соң қызметкерлерге Ғазиз Байтасовтың қанды қол қылмыскерді ұстау кезіндегі ерен ерлігі туралы бейнеролик көрсетілді.