ҚАЖ саласында кадр саясатының орны ерекше

ҚАЖ саласында кадр саясатының орны ерекше

09.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Темірдей қатаң тәртіпті талап ететін ҚАЖ саласында кадр саясатының орны ерекше.

Әрине, ол  пенитенциарлық мекеменің артар жүгінің ауырлығынан да болар. Десек те,  Қызылорда облысы  ҚАЖ  департаментіне қарасты  ЗК-169/1 тергеу  изоляторында жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің сексен пайызы жастар. Жақында ғана бұл мекеменің жеке құрамы 19 жас маманмен толықты.

Осы тұрғыда, мекеменің кадр саясат тобының негізгі міндеттеріне мекемеге жұмысқа тұрған әрбір қызметкердің жеке құжаттарын қабылдап алу, жеке тұлғаны моральдік-психологиялық тұрғысынан тану мақсатындаәңгіме жүргізу, олардың отбасылық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын біліп тұру жатады. Мекеменің  денешынықтыру даярлығы  жөніндегі инспекторы,әділет лейтенанты  Н.Кушеров қызметкерлерге аптасына 2 рет кәсіби даярлық сабағын өткізеді.

Бүгінгі саптық байқауда,  жарғыға байланысты, жас мамандарға нысанды киімді кию тәртібі, айрықша белгілердің дұрыс тағылуытүсіндіріліп, арнайы құжаттардың толық болуы тексерілді. Құқық қорғау саласында қызметін енді бастаған жастарға осы салаға төселіп кетуі, тәлімгерлерге де байланысты. Осы орайда,тәлімгерлер қызметтік қырағылық пен абыройды сақтау, қатаң тәртіпке бағынып, заң арқылы жұмыс істеуге үйретеді, бағыт- бағдар сілтейді.

Мекеменің тәжірибелі қызметкерлері мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әділет майоры Қ.Олжабаев, мекеменің кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет аға лейтенанты Ж.Төребекұлы, РжКБ-нің аға корпусшысы, әділет старшинасы Б.Илиясов жас мамандарға қылмыстық-атқару саласының сан қырын меңгеруге деген құлшынысын арттыруға бағытталған  шараларды бастап та кетті.