Азаматтарды  құжаттау

Азаматтарды құжаттау

11.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Әр адамның туған уақытын, қай ұлтқа, қай мемлекетке тиістілігін, азаматтығын  айқындайтын құжаты болатыны белгілі.

Және де бұл құжатты құзырлы органдар әр азаматқа туа салысымен рәсімдейтінін де бәріміз білеміз. Алайда, өмір болған соң бәрі өз ретімен, адам  ойлағандай бола бермейтіні тағы бар.

Тиісті құжаттарды өз уақытында әзірлеуге мүмкіндіктері  болмады ма, жауапкершілікті дұрыс сезінбеді ме, салақтық па,  әйтеуір құжатсыз жүріп қалған адамдар әлі де кездеседі. Сондай жандар бас бостандығынан айыру орындарындағы жаза өтеушілер арасында да кездесіп қалады.

Ақымақтықпен, немесе абайсызда, я  болмаса қасақана қылмыс жасап, қамауға алынғанда жеке басын растайтын құжаты болмай шығады. Міне, осы кезде ішкі істер органының қызметкерлері осы жандарды құжаттау ісімен  айналысады. Яғни қылмысты ашу, тергеу, жаза өтеу орнына қабылдау сияқты жұмыстармен    қатар  құжаттау мәселесі де олардың міндеттеріне жатады.

Біздің УК-161/12 мекемесінде де сотталғандарды  құжаттау  ісі жоспарлы түрде жүргізіледі.  Бұл  жұмысты арнайы есепке алу бөлімі мен Арқалық қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі  бірлесіп атқарады. Полиция капитаны Иманбеков Олжас пен әділет капитаны Жиенбаева Салтанат өз міндеттерін абыроймен атқарып, әр жұмысты  бірлесіп, дер кезінде, сапалы орындаумен көзге түсіп жүр.  Мысалы, жақында мекемеде жаза өтеуші  И. деген азамат та құжатталды.  Жасы үшінші мүшелге таянғанда   жеке куәлігі рәсімделгенде, И. қызметкерлерге  өз алғысын білдірді.  Осындай қызмет атқарып жүрген   офицерлердің  еңбектеріне  бәріміз де табыс тілейміз.