Азаматтардың құқықтарын қорғау – басым бағыт…

Азаматтардың құқықтарын қорғау – басым бағыт…

06.10.2020 0 Автор mseditor

Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау демократиялық және құқықтық мемлекет принциптері негізінде қазақстандық мемлекеттіліктідамытудың жаңа кезеңін қалыптастыруға негіз болды, онын ең жоғары құндылығы адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады, ал адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті болып табылады.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

Көрсетілген бағыт бойынша қадағалау қызметіндегі қосалқы құралдардың бірі «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «СДТБТ» АЖ).

«СДТБТ» АЖ-ін жүргізу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  2014 жылғы 19 қыркүйектегі №89 бұйрығымен бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі Қағидалар) регламенттелген.

Осы Қағидаларда қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарламаны немесе баянаттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібі айқындалады.

«СДТБТ» АЖ-ін жүргізу шешім қабылдаған лауазымды адамның мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы уәкілетті органға  берілетін «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЭЦК-мен қол қойылатын әрбір іс-қимыл мен қылмыстық іс жүргізу жөніндегі электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарының (бұдан әрі  – Нысан) тиісті деректемелерін толтыруы болып табылады.

Бұдан басқа, Қағидаларда сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша қабылданған процестік шешімдер туралы мәліметтерді еңгізу мерзімдері айқындалған.

Мәселен, қылмыстық қудалау органдары қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу туралы мәліметтерді «СДТБТ»  АЖ-не дереу енгізуге міндетті.

Қалған нысандар бойынша мәліметтер шешім қабылданған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірілмей, ал қылмыстық істі прокурорға немесе сотқа жіберу қажет болған кезде оны нақты жібергеннен кейін енгізіледі.

«СДТБТ» АЖ қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз тіркелген сәттен бастап сот үкіміне (қаулысына) дейін қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, осылайша прокурорлық қадағалаудың тиімділігін және соның салдарынан қылмыстық процесте азматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды арттырады.

Бұдан басқа, «СДТБТ»  АЖ –не енгізілген мәліметтер негізінде есептік деректер қалыптастырылады, онда қылмыстық процесте конституциялық құқықтары бұзылған адамдар да ескеріледі, осыған байланысты қылмыстық қудалау органдары осындай фактілерді жасыруға тырысатын жағдайлар сирек емес.

Өз кезегінде, ҚР БП Комитетінің Әскери басқармасы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы бағытта тиісті бақылау – қадағалау іс-шараларын жүргізу қорытындысы бойынша ағымдағы жылы әскери органмен сотқа дейінгі сатыда азамат Ж. Конституциялық құқықтарын бұзуға жол бергенін қылмыстық қудалауды жасыру фактісі анықталды.

Қабылданған шаралармен, орын алған азамат Ж. конституциялық құқықтарының бұзылуы туралы деректер қалпына келтірілді және статистикалық есепке қойылды.

Атап өтілгендей, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің негізгі салаларының бірі болып есептеледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қылмыстық істер бойынша 2021 жылдан бастап адам құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын негізгі процестік шешімдерді келісу міндеті прокурорға заңнамалық түрде жүктелетін болады.

Осыған байланысты, а.ж, 1 қазаннан бастап еліміздің барлық өңірлерінде бұрын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүргізілетін қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдер мен іс-қимылдардыэлектрондық енгізу және олардың заңдылығының сақталуын қадағалау бойынша пилоттық жоба басталады.

Осы пилоттық жоба аясында бірқатар негізгі процессуалдық шешімдер қадағалаушы прокурормен келісіледі, содан кейін олар процессуалдық мәртебеге ие болады немесе заңсыз ретінде жойылады.