Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін барынша жоғары деңгейде қамтамасыз ету

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін барынша жоғары деңгейде қамтамасыз ету

21.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Ішкі істер органдары жүйесін реформалаудағы басты рөл учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктелгені белгілі.

Әрі полиция бар күш-жігерін азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға, заңдылық пен тәртіпті нығайту жолында күндіз-түні жұмыс істеуге жұмсауы тиіс екендігі де айтылған.

Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов кезекті рет тұрғындармен кездесті. Бұл жолы Шымкенттің бас полицейі Жібек-жолы көшесі №30,31,32 үй тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың басым бөлігі үй кіреберістері мен аулаларға бейнекамералар орнату мен жолдарды кеңейту, жасанды жол кедергілерді орнатуға қатысты болды.
Кездесуде №38 учаскелік полиция пунктінің 7 учаскелік полиция инспекторының 9 айда атқарған жұмысы зерделенді.

«Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін барынша жоғары деңгейде қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу,
қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және алдын алу шараларын қабылдау – бұл біздің басты міндетіміз. Әрбір учаскелік инспектор өзі жауапты болған әкімшілік учаскеде беделді, танымал адам болуы керек. Олардың қоғам игілігі үшін және азаматтардың қоғамдық тәртібі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетіліп келеді»

– деді, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов.