Азамат кеуде тұсынан алған пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген

Азамат кеуде тұсынан алған пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген

16.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 11 қазанында Шымкент қаласы Республика даңғылы бойындағы үйлердің бірінде өзара таныс екі ер азаматтар жанжалдасып, салдарынан олардың біреуі 1995 жылы туылған азамат кеуде тұсынан алған пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған факт бойынша 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

Қазіргі уақытта 1993 жылы туылған жергілікті тұрғын сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу амалдары аяқталған соң түпкілікті процессуалды шешім қабылданады.