Азамат біреудің жерін алдап сатты

Азамат біреудің жерін алдап сатты

27.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

2020 жылдың 19 қазанында шамамен сағат 11.00-де Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөлімінің «102» сымтетігі арқылы 1958 жылы туылған жергілікті тұрғын «С» есімді азамат сеніміне кіріп, қала аумағындағы элиталы мөлтек аудандарының бірінен жер телімін заңдастырып беремін деп, шамамен 2 000 000 теңге көлемінде ақшаны алып, хабарсыз кеткені туралы арызданған.

Сол күні аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.
Әл-Фараби АПБ-ның №22 УППнің учаскелік полици инспекторлары жедел іс шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1993 жылы туылған жергілікті тұрғын екені анықталды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.